Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген қылмыскер ұсталды
Полицейлер Ақтөбедегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің біріндегі қос кісі өлімінің бетін ашты, онда ғажайып түрде марқұмның 13 жасар қызы ғана аман қалды.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен тергеушілер мен жедел уәкілдердің қажырлы жұмысының нәтижесінде тәртіп сақшылары қысқа мерзімде бұл қылмыстың, атап айтқанда, қарақшылық шабуылдың бетін ашты», - делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 1999 жылы туған тұрғыны ұсталып, ол кінәсін мойындап, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, 29 наурызда Ақтөбедегі көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылып, оның 13 жасар қызы ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Оқиға көршілерді таң қалдырды. Жұрт бұл жерде отбасы алты жылдай тұрып, ешкіммен жанжалдаспағанын айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық