Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 500 мың теңгеден көмек көрсетілді
Ақтөбе облысы Қаратал ауылының 11 отбасына облыс әкімдігінен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңірге жұмыс сапары барысында әр отбасына құны жарты миллион тұратын сертификат табыс етті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Комиссия барлық ғимараттар мен құрылыстарды тексергеннен кейін зардап шеккендерге келтірілген шығын көлемі туралы сарапшылардың қорытындысына сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.
14 наурызда Ақтөбе облысының Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды. Тасыған өзен суы 15 үйді, 32 ауланы, ОҚО ғимаратын, екі мектеп пен екі дәмхананы басып қалды. Эвакуация орталығына 90-нан астам адам жеткізілді. Мал қоймасына жүздеген үй жануарлары, қой, сиырлар жеткізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық