Ақтөбе облысында екі жолды еріген қар суы шайып кетті
Сурет: orda.kz
Бір тәулікте коммуналдық қызмет 2,5 мың текше метр суды сорғызды. Су тасқынының алдын алу жұмыстарына 89 су сорғыш техника тартылған.
Коммуналдық қызметшілер еріген суды сорғызып үлгермейтінін мойындап отыр. Күннің күрт жылынуы мен жауын-шашын салдарынан Ақтөбеде көшелерді су басты. Еріген қар мен жауын-шашын суы ағуға тиіс арық жүйесі де ағынды көтере алмайды.
— Арық жүйесінің жаңартылмаған тұсындағы – су ешқайда ақпайды. Сондықтан тек бір жерге жиналады және одан шығудың жолы жоқ. Бұндай жағдайдан құтылу үшін бірыңғай арық жүйесі керек, – дейді сектор меңгерушісі Серік Дәулет.
Тұрғындар болып жатқан жағдайға наразы. Біреулер бұл мәселе көшедегі қардың дер кезінде шығарылмауынан туындады деп есептейді.

Облыстың алты ауданында су тарту жұмыстары жүргізілуде. Байғанин ауданына қарасты үш ауыл сыртқы байланыстан ажыраған, себебі бір емес, екі бірдей жолды су шайып кеткен. Салдарынан халық азық-түлікті көрші Атырау облысынан сатып алуға мәжбүр болып отыр.
«Соның салдарынан Миялы, Оймауыт және Дияр елді мекендеріне тікелей қатынау тоқтады. Қалпына келтіру жұмыстары еріген су деңгейі төмендеген кезде жүргізіледі» деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.
Сондай-ақ, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылына кіреберіс жолдың кейбір бөлігін де су шайған. Соның салдарынан Ноғайты елді мекеніне қатынас жоқ. Жол төсемін нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық