Ақтөбе облысы білім саласындағы жемқорлықпен күреспек
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі сайтынан
Облыста қаржыны орталықтандырылған басқару және кадрларды іріктеу бойынша пилоттық жоба енгізіледі.
Ақтөбе облысының басшысы Ералы Тоғжанов білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Orda.kz. облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды.
«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары. Сондықтан бірінші басшылардан бастап бұл мәселені қатаң бақылауға алу керек. Бюджет қаражатының аударылуына бақылауды күшейту, қаражатты үшінші тұлғаларға аудару тәуекелдерін болдырмау шаралары қабылдануы керек», - деді Тоғжанов.
Облыста қаржыны басқару, мемлекеттік сатып алу және кадрларды іріктеудің орталықтандырылған үлгілік пилоттық жобасы енгізіледі. Жоба Білім министрлігі тарапынан қолдау тапқан.
«Жоба білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді, қаржыны жоспарлау және басқару процесін жеңілдетеді, мемлекеттік сатып алулар мен педагогикалық кадрларды іріктеу үдерістерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Пилоттық жоба АҚШ, Австралия, Финляндия, Сингапур және Швеция сияқты елдердегі мемлекеттік сатып алу мен қаржыны орталықтандырылған басқарудың оң тәжірибесіне негізделетін болады» деп атап өтті әкімдікте.
Білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау және мұғалімдерді жұмысқа қабылдау рәсімдері де орталықтандырылып, электронды форматқа көшіріледі.
2023 жылы облыста білім беруді қаржыландыруға 248 миллиард теңге қарастырылған, бұл облыстық бюджет шығыстарының 40 пайызы болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық