Ақтаудағы мешіт жанында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы пикет өтті
Сурет: Lada.kz
Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырған плакат ұстаған әйелдер облыстық мешіт қақпасының алдына жиналды.
Күні кеше Маңғыстау облысы жұртшылығының өкілдері облыстық мешітте пикет өткізді, деп жазады Lada.kz. Әйелдер балаларға, әйелдерге және үйдегі озбырлардың құрбаны болғандардың барлығына қарсы заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырды. Қоғам белсенділері Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға өзгертулер енгізу қажет деп санайды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс ретінде танылуы керек. Қазіргі уақытта зорлық-зомбылық орын алған жағдайда полиция «қиянатшыларға» қатысты жазалау шарасын қолдана алмайды. Сондықтан көптеген әйелдер мен балалар өз үйіндегі ұрып-соғу мен қорқытуға шыдайды. Соның салдарынан жазаланбаған зомагерлер тарапынан болған оқиғалар қазір көріп отырғандай «заңсыздық пен қиянатқа» түрткі болуда» дейді белсенді аналар.
Шерушілер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты полициядан жедел әрекет етуді талап етті. Сондай-ақ олар отбасындағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жазаны күшейту керек деп есептейді.

«Біз үшін басқаның баласы деген түсінік жоқ! Біз қоғамның қырағы болғанын, барлық балаға жауапкершілікпен қарауын қалаймыз. Ал біз зорлық-зомбылықты жеңе аламыз!» деп мәлімдеді жиналғандар.
Әйелдер соңғы жылдары тек Маңғыстау облысында, әсіресе, балаларға қатысты жан түршігерлік қылмыстар қатары орын алғанын еске салды. Қоғам қайраткерлерінің айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында жаттықтырушы бес жасар қызды бірнеше рет зорлаған.
Биылғы жылдың наурыз айының ортасында 14 жастағы қыздың өз әкесінен жүкті болғаны белгілі болды. Бір апта бұрын әкесі үш баласын өлтірген. Белсенді аналар дәл осындай оқиға бірнеше ай бұрын Мұнайлы ауданында болғанын, мұндай келеңсіздіктерге жол алдырмау керектігін талап етіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық