Ақтауда жаңа туған нәрестені сатпақ болды
Сурет: polisia.kz
Күдіктілер сәбиді сату кезінде ақша алып жатқан жерінде ұсталды.
Маңғыстау облысында полицейлер жаңа туған нәрестені сату фактісінің жолын кесті. Екі күдікті ақша алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысы бойынша ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түсті. 35 жастағы күдіктіні ұстау операциясы 4 мамырда жүргізілген. Әйел балаға ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Оның тұрғылықты жерінде тінту кезінде заттай айғақтар алынды», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Екінші күдікті, яғни жаңа туған нәрестені сатып алмақшы болған 38 жастағы әйел де ұсталды. Сот шешімі шыққанға дейін сәби Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Аталған факті бойынша Маңғыстау облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық