Ақтауда «Сергектің» іске қосылғаны рас па?
Фото: profit.kz
Әлеуметтік желіде Ақтауда «Сергек» камералары жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Lada.kz мәліметінше, 26 мамырдан бастап Ақтау жолдарында Сергек жүйесі іске қосылғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір хаттарда тәртіп бұзғандар көп ұзамай айыппұлдар ала бастайтыны айтылған.
«Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жүйе қосылған кезде облыс тұрғындарына ақпарат міндетті түрде беріледі. Сондықтан облыс тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлшара Бастаубаева.
Бұған дейін Ақтауда «Сергек» жобасының алдын ала іске қосылатыны туралы тұрғындарға хабарланған болатын. Жоба бойынша барлығы 1138 бақылау камерасы орнатылады. Мұнайлы ауданында да бейнебақылау жүйесі орнатылмақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық