Ақтауда дәрігерлер жаппай уланды
Ақтауда Ауызашардан кейін жаппай улану болды. Мейрамхана қонақтарының арасында 50 дәрігер болды, деп хабарлайды Lada.
Бұл туралы терапевт, пульмонолог Индира Атажанова айтты. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанованың айтуынша, ауруханаға улану белгілерімен 16 адам түскен. Науқастарда жоғары температура, құсу, сұйық нәжіс, жалпы интоксикация – жедел ішек инфекция ауруы байқалады. Дәрігерлер қажетті шараларды қабылдап, емдеу жүргізілуде, өмірге қауіп жоқ, дейді ауруханада.
«Ауруханаға 16 адам жүгінді, оның 10-ы ауруханаға жатқызылды. Сараптамалар алынды, нәтижесі үш-төрт күн ішінде белгілі болады. Ешкімнің өміріне қауіп төнген жоқ, барлығы хаттама бойынша ем алады. Уланған дәрігерлердің көпшілігі іш ауруына шағымданды», — деп түсіндірді Гүлбану Нұржанова.
Терапевт, пульмонолог Индира Атажанова дәрігерлердің жаппай улануы Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде болған ауызашардан кейін болғанын айтты.
«Әзірге ауызашар қай мейрамханада болғанын айта алмаймыз. Жағдайды анықтау үшін олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Барлығы 50 адам уланған – олардың барлығы дәрігерлер. Жағдай сұмдық, бәрі осылай болады деп ойлаған жоқпыз», – дейді Индира Атажанова.
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Айтуларынша, 10 сәуірде қаладағы мейрамханалардың бірінде ауызашар өтіп, оған аудандар мен қаладағы емдеу мекемелерінің дәрігерлері шақырылған. Мерекелік шараға барлығы 50 адам қатысты. Оның ішінде 16 адамда улану белгілері білінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық