«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті бастығының орынбасары қамауға алынды
Сурет: traceca-org
«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Декларанттардың кеден өкілдерінен пара алу фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақтау теңіз порты» кеден бекетінің бірнеше лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтары – «Бір топ адамдармен алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет пара алу» бойынша іс жүргізуде. Тергеу барысында кеден бекеті бастығының орынбасары әшкере болды. Ол екі айға қамауға алынды» деді баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тергеу органы істі дұрыс, жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Еске салайық, «Ақтау теңіз порты» кеден бекетінің басшысы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық