Ақтау мұғалімдері Түркияда зардап шеккендерге күштеп ақша жинап жатқанына шағымдануда
коллаж
Ақтаудағы мектеп мұғалімдерінің айтуынша, 9 ақпан күні сағат 00:00-де мектеп директоры корпоративтік чатқа дауыстық хабарлама жолдап, онда Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік табыстарын аудару қажеттігін айтқан.
Бірер минуттан соң мектеп басшысы бұл шешіммен барлығы келіскенін хабарлаған, дегенмен ұстаздар пікір айтуға да үлгермегендерін айтуда.
№16 орта мектептің директоры Айман Нұрабаева бұндай көмекке мұғалімдерді ешкім мәжбүрлемейтінін айтты, деп хабарлайды Lada.kz.
— Бұған дейін Арыстағы зардап шеккендерге көмек жинадық. Түркияда зардап шеккендерге де көмектесуді ұсындым. Менде жаман ниет болған жоқ. Мен жай ғана көмектескім келді, барлық мұғалімдер қолдайды деп ойладым. Кез келген адам Kaspi арқылы ақша жібере алатын. Таңертең мен жиналыс өткіздім, онда әркімнің өз қалауын өзі шешуге құқығы бар екенін тағы бір рет түсіндірдім, - дейді бұл туралы Айман Нұрабаева.
Мектеп директорының айтуынша, мұғалімдердің орташа жалақысы 200 мың теңге екен. Директор оның көмектесуге деген бастамасы жанжалға ұласады деп ойламағанын айтады.
— Мектеп директоры Түркия халқына көмектесу туралы бастама көтерді. Мен оның әрекетінен билікті асыра пайдалануды көрмеймін. Бәлкім, оны кейбіреулер түсінбеген болар, сондықтан осындай келеңсіз жағдай туындады, - деп түсіндірді Ақтау қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева.
Еске салайық, өткен жылы «Антикорға» білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинау туралы 40-тан астам өтініш түскен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің орынбасары Нұрсұлтан Бекінов білім беру ұйымдарындағы ақша жинау түрлі себептермен тоқтамайтынын мәлімдеді. Ол заңсыз ақша жинау фактілері анықталса, кінәлілерге қылмыстық жауапкершілікке дейін барынша қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық