АҚШ ядролық реакторлар экспортындағы жетекшілікті Ресейге берді - МАГАТЭ
naked-science
Америка Құрама Штаттары әлемдік коммерциялық ядролық реакторлар нарығындағы үстемдігін жоғалтты, ол қазір Ресейге өтті. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси осылай дейді.
Оның айтуынша, чемпиондық мәртебеден айрылу Америка үшін өзіндік сынаққа айналды.
«Ол дәстүрлі түрде көшбасшы болып келді. Енді ол бұл көшбасшылықтан айрылды» деп келтірді ТАСС.
Гросси бұл сөзді коммерциялық ядролық энергетикалық технологиялар туралы сұраққа жауап бергенде айтқан. Оның айтуынша, қазіргі уақытта «коммерциялық ядролық технологиялардың әлемдік нарыққа негізгі жеткізушісі — ресейлік, яғни «Росатом».
Гросси Америка бұл көшбасшылықты қайтарғысы келеді деп санайды. Бірақ әзірге оның бұл үшін икемді қаржылық инвестициялары жоқ.
— Әрине, бұл үшін сөзден іске көшу керек. Мен [АҚШ-та] ұлттық атом өнеркәсібін қолдау бойынша өте қызықты шешімдер қабылданып жатқанын көріп тұрмын, бұл әрине, энергетикалық жағдайға байланысты ел ішінде, сонымен бірге халықаралық деңгейде қажет, - деді МАГАТЭ басшысы. Вашингтондағы Карнеги қоры конференциясында.
МАГАТЭ басшысы АҚШ-тың әлеуеті бар екеніне сенімді, бірақ «Росатом» мен Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) американдық бәсекелестерден ерекшеленетін қаржыландыру үлгілерін қолданатынын айтты. Соның арқасында ресейлік және қытайлық мамандар әлемдік нарықта икемді әрекет ету мүмкіндігіне ие болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық