АҚШ соты Мұхтар Әбіләзовті барлық кіріс көздері мен мүлкін жария етуге міндеттеді
Фото: mk.ru
Қазақстандық оппозиционер әрі қашқын банкир Мұхтар Әбіләзов табыс көзін жария етпесе, талапкерлерге, БТА банкке және Алматы қаласына 140 мың доллар төлеуі керек болады.
Тамыз айының соңында АҚШ-тың Нью-Йорк оңтүстік округі бойынша аудандық соты Мұхтар Әбіләзов 30 қыркүйекке дейін өзі тікелей немесе жанама бақылайтын барлық кіріс көздері мен активтері туралы мәліметтерді ұсынуы керек деп шешті. Бұл туралы БТА банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Егер ол талапты елемейтін болса, күніне 1000 доллар айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Еске салсақ, 2020 жылдың ақпанында сот Әбіләзовты дәлелдемелерді жария етуге қатысудан бас тартқаны үшін БТА банкі мен Алматы қаласына 140 115,60 доллар төлеуге міндеттеді. Дегенмен ол бұл талаптарды орындамады. 16 тамызда өткен кездесуде Әбіләзов телефон арқылы сөйлесіп, әрекетсіздігіне сылтау іздеген. Ақырында, судья Кэтрин Х. Паркер сотталушының барлық түсініктемелерін қабылдамау туралы бұйрық шығарды:
● Сот Әбіләзовті жазалау туралы «нақты қаулы» шығарды. Оның шешімге қарсылықтарын АҚШ округінің судьясы Элисон Натан жоққа шығарды.
● Әбіләзовтің сот шешімін орындамағаны туралы дәлелдері «анық және сенімді» болды және оны Әбіләзов мойындады.
● Әбіләзов сот шешімін орындауға «ешқандай күш салған жоқ».
● Сот Әбіләзовтың талапкерлерді оған қарсы талаптар қойды деп айыптау әрекетін «негізсіз» деп тауып, бұл дәлел «осы талап бойынша оның жария ету жөніндегі міндеттемелерін ашық ескермеуді ақтамайды және оның осы сот бұйрығын орындауына қатысы жоқ» деп тапты.
Енді Әбіләзов 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін өзінің мүлкі туралы тиісті ақпаратты ұсынуы керек. Егер ол тағы да талаптарды елемейтін болса, ол сотты құрметтемеу деп саналып, талап қоюшыларға $140,115,60 төлеп, бұйрықты орындағанға дейін күніне $1000 айыппұл төлеуі мүмкін.
«Алматы қаласы мен БТА банкі сотқа осы мәселені мұқият бақылауға алғаны үшін алғыс білдіреді. Мұхтар Әбіләзов, Ілияс Храпунов және олардың сыбайластары сот процесіне адал қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот шешімдерін бұзды» деді Қазақстан үкіметінің кеңесшісі Мэтью Шварц.
Бұған қоса, ол «Әбіләзовты АҚШ сотының шешімдерін құрметтемегені үшін жауапқа тарту - оны теріс қылықтары үшін жазаланатынын көрсететін маңызды белгі» деп қосты.
Нью-Йорктегі «Flatotel» соты Әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша) Әбіләзовке, Храпуновтарға және олардың қылмыстық сыбайластарына «БТА Банкі» АҚ-мен бірлесіп, алты жылдан астам уақыт бұрын Алматыда ұрланған ақшаны жылыстатқан деген айыппен қозғалған болатын.
Бұрынғы банкир жалған несиелер беру арқылы БТА банктен миллиардтаған доллар жымқырған. Ол Қазақстанда бұған дейін де сотталып, Ұлыбритания соты оны кінәлі деп таныған. АҚШ-та өтіп жатқан сот процесінде Әбіләзов пен Храпуновтардың қылмысына қатысты қосымша айғақтар, сондай-ақ куәгерлердің айғақтары жинақталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық