АҚШ прокуратурасы Трампқа 20 жылға кесілетін айып тақпақ
Дональд Трампқа 37 айып тағылып, барлығы 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. АҚШ-тың бұрынғы президенті елдегі ең құпия құжаттарды құпиясыздандыруы мүмкін деген күдікке ілінді.
АҚШ прокуратурасы Дональд Трампқа айыптау қорытындысын оқыды. Оның 37 тармағы бар. Бұл Трамптың құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбағанын көрсетеді. Reuters файлдарда АҚШ-тың құпия ядролық бағдарламасы және шабуыл болған жағдайда ықтимал ішкі осалдықтар туралы ақпарат бар деп жазды.
АҚШ прокуратурасының айыптаулары 49 бетке әрең сыйған.
«Трамп АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, халықаралық қатынастарға және барлау мәліметтерін жинауға қауіп төндіретін құпия құжаттарды рұқсатсыз жария етті» дейді прокурорлар.
Майами сотының алдында саясаткер алғаш рет сейсенбіде, оның 77 жасқа толғанына бір күн қалғанда (14 маусым - оның туған күні) келуі керек. Егер Трамп кінәлі деп танылса, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алайда Трамп өз кінәсін мойындамады. Айтпақшы, қазір ол республикашылар атынан келесі жылғы президенттікке басты үміткер болып отыр. Ал жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның танымалдығы прокурорлардың айыптауына ешқандай әсер еткен жоқ. Рас, кейбір сарапшылардың пайымдауынша, жарияланған айыптаулар оның президенттік бәсекедегі республикалық бәсекелестеріне оның ұлттық қауіпсіздік сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін.
Жалпы, Трамп Нью-Джерсидегі Мар-а-Лаго мен оның гольф клубында құжаттарды ашық ұстады деп айыпталды. Айыптауда Мар-а-Лагода өткен 150-ден астам іс-шараға оның он мыңдаған қонақ қабылдағаны айтылған. Осы уақыттың бәрінде құпия құжаттары бар қораптар, мысалы, бал залында, клубтың дәретханасында және қоймасында жатқан. Ал кейбіреулерін тіпті жай ғана еденге қоя салған. Бұл айыптауларға суретке түсіріп алған айқақтар бар.
Құпия құжаттар жеті федералды барлау агенттігінің, соның ішінде Пентагон, ЦРУ, Ұлттық қауіпсіздік агенттігі және Энергетика министрлігінен алынған мәліметтерді қамтыған. Бір құжат АҚШ мүдделеріне қарсы лаңкестікке шетел мемлекеттерінің қолдауына қатысты.
Айтпақшы, бұл Трампқа қатысты екінші қылмыстық іс, ол келесі наурызда Нью-Йорктегі сотқа порножұлдызға аузын ашпас үшін ақша төлегеніне қатысты штаттық іс бойынша тағы келеді. Бірақ егер саясаткер президенттік сайлауда жеңіске жетсе, «өзін-өзі кешіруге» тырысуы мүмкін деген болжам бар. АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық