АҚШ бұрынғы КСРО елдерінің биозертханаларын жөндеуді жоспарлауда
Сурет: Pixabay.com
АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс қаупін азайту жөніндегі агенттігі посткеңестік кеңістік аумағында орналасқан биологиялық зертханаларда жөндеу жұмыстарын бастамақшы.
Америка Құрама Штаттарының басқа елдердің биолабораторияларын жөндемекші екені «мүдделілер үшін» алдын ала хабарламадан белгілі болды. Қазір агенттік жобаны орындаушыларды іздестіріп жатыр.
«Қорғаныс қаупін азайту агенттігі биоқауіпті азайту бағдарламасы (BHRP) арқылы Еуразиялық жауапкершілік аймағындағы BRR серіктестерімен биоқауіпсіздік және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін қолайлы техникалық қызмет көрсету және оқыту мердігерлерін іздейді» делінген RT журналистері танысқан құжатта.
Атап айтқанда, әңгіме Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан туралы болып отыр. Хабарламада жобаның мақсаты «АҚШ-ты, оның әскери күштерін және одақтастарын биологиялық қауіп-қатерлерден қорғау үшін серіктес елдер мен халықаралық қауымдастықтың патогендік індеттердің алдын алу, анықтау және оларға дайындалу мүмкіндіктерін күшейту» екені айтылған.
Бұл ретте өнімділік параметрлері әртүрлі: жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылуы мүмкін, сондай-ақ жабдық ауыстырылады, шығын материалдар сатып алынады. Биологиялық қауіпсіздік бойынша оқыту да енгізілуі мүмкін.
Айта кетерлігі, Қазақстанның биолабораториялары өзге елдерге тыныштық бермейді. Өткен жылы Жамбыл облысындағы Гвардейский ауылында зертхана салынып жатқаны белгілі болғаннан кейін Ресей парламентшілері бас көтеріп, қатаң бақылауды талап еткен.
Айта кету керек, Жамбыл облысында қазірдің өзінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді – ол жерде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина әзірленген. Оның негізінде ол жерде қауіпті және аса қауіпті штамдарды жинайтын BSL-4 зертханасы мен жерасты қоймасын салуды жоспарлаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық