АҚШ билігі TikTok-ты сандық есірткі деп атады
Республикалық партия өкілдері аталған әлеуметтік желіге АҚШ-та тыйым салу керектігін алға тартып отыр.
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Қытай бойынша комитет төрағасы Майк Галлахердің «ТикТок – тәуелділік тудыратын цифрлық есірткі» дегенін CNN Business хабарлады. Республикалық партия өкілінің айтуынша, TikTok американдықтар үшін қауіпті, сондықтан елде оған тыйым салынуы керек.
1 қаңтарда берген сұхбатында Майк Галлахер әлеуметтік желіні «цифрлық фентанил» (фентанил – күшті әсері бар опиат есіртткісі) деп атады, себебі ол қолданушылардың тәуелділігін тудырады және оларға деструктивті әсер етеді. Саясаткердің айтуынша, АҚШ билігінде «әлеуметтік желіні үнемі қолданудың, әсіресе Америкадағы жастар мен қыздарға деструктивті әсері алаңдатарлық» деген пікір бар. Сонымен қатар, Қытай комитеті TikTok-тың ҚХР-да дамығанына алаңдайды. Комитет төрағасы бүкіл ел бойынша TikTok-қа толық тыйым салуға шақырды. Бұған дейін де кейбір штаттар әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізіп қойған, бірақ әзірге олар тек жұмыс және кеңсе құрылғыларына ғана қатысты.
Жасөспірімдердің TikTok қолдануына байланысты болуы мүмкін психологиялық проблемалардан басқа, АҚШ шенеуніктері әлеуметтік желі Қытай мемлекеттік саясатына қайшы келетін мазмұнды, соның ішінде Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуы туралы айтатын пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттайды деп алаңдайды. Сарапшылардың пікірінше, оның тағы бір себебі - Қытай билігінің пайдаланушы деректерін жаппай жинауы.
Әлеуметтік желі АҚШ-та қазірдің өзінде танымал болғаны сонша, оған тыйым салу қиын болуы мүмкін, деп атап өтті CNN. TikTok-қа иелік ететін ByteDance 2020 жылдан бері АҚШ билігімен пайдаланушы деректерінің құпиялылығына кепілдік бере отырып, АҚШ-та жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін өзара тиімді шарттар туралы келіссөздер жүргізіп келеді. Алайда екі жылда мұндай келісімге қол жеткізілмеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық