АҚШ әскери-әуе күштері Қытаймен соғыс болатынын болжайды
U.S. Air Force / Staff Sgt. Sean Carnes
АҚШ әскери-әуе күштері генералы 2025 жылы Қытаймен соғыс болады деген сезігімен бөлісті.
АҚШ Әскери-әуе күштерінің генералы Майк Минихан қол астындағыларға жолдаған жазбасында АҚШ екі жылдан кейін Қытаймен соғысады деп болжаған. NBC арнасының хабарлауынша, Минихан Қытай билігі 2024 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауды пайдалана алады, ал президент Си Цзиньпин Тайваньға көшу мүмкіндігіне ие болады деп есептейді.
«Мен қателесемін деп үміттенемін. Түйсігім маған 2025 жылы олармен күресетінімізді сездіреді» деп жазылған телеарнаға жіберілген құжат үзіндісінде.
Минихан қол астындағыларды ақпан айының соңына дейін Қытаймен соғысуға дайындық шаралары туралы есеп беруге шақырды. Сонымен қатар, жазбаның шынайылығын АҚШ Әуе күштері көлік қолбасшылығы өкілдерінің бірі растады.
«Бұл генерал Миниханның өзіне бағынышты командалық топтарға жолдаған шынайы ішкі жазбасы. Оның бұйрығы Әуе мобильділігі қолбасшылығының жылжымалы Әуе күштерін болашақ қақтығысқа дайындау бойынша өткен жылғы іргелі күш-жігеріне негізделген» делінген құжатта.
Еске сала кетейік, Бейжің Қытай провинцияларының бірінің аумағы деп есептесе де, Тайвань 1949 жылдан бері өз әкімшілігі басқаратын ең үлкен арал. Арал төңірегіндегі шиеленіс 2022 жылдың тамызында Өкілдер палатасының сол кездегі спикері Нэнси Пелосидің Тайбэйге сапарынан кейін күшейе түсті. Сапар аяқталғаннан кейін келесі күні Қытай Халық азаттық армиясы арал суларының алты аймағында ауқымды зымырандық қозғалыстарды бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық