Ақберен Елгезек жазушылар одағынан кету себебін түсіндірді
«Қазақстан жазушылар одағы» төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберген Елгезек қызметінен кетуінің себебін түсіндірді.
Бұл туралы qaz365.kz хабарлайды.
«Менің «Жазушылар одағындағы қызметімнен кетем» деген жазбамды оқыған жұрт бұл шешімімді әбден талқылап, әжептәуір дуылдасып-ақ қалды. Жөн, қоғамдағы кез келген жағдай талқылануы керек, сол жағдайдың маңайындағы небір мәселелер де құлағын қылтитып, көрініп те қалады. Пайдасы да осы шығар. Айтпағым бірақ ол емес. Мен сол жазба арқылы өзімді бейне бір «ғаламат батыр тұлға», «керемет әділетсүйгіш кісі» ретінде көрсетуді мақсат тұтқам жоқ», - дейді Ақберен Елгезек.
Ол бұған дейін келе жатқан «Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ деп айтты. Осының себебін түсіндірді.
«Әр Құрылтай сайын біздің ұйымның мүшелері - қаламгерлердің ерікті таңдауына іші пысқанның бәрі араласады. Құрылтай қарсаңында небір жершілдік, рушылдық сияқты сасық принциптерге негізделген әрқилы топтар құрылып, жазушы қауымының ішін іри-тіри қылады. Жоғарыға арыз домалатып, бірін бірі тілдеп, ел алдында масқара боп жатады. Ұят!», - дейді ақын.
Сонымен қатар ол биылғы «Құрылтайдың алдында да мұндай ыбыр-жыбыр ахуал бет қаратпай, күйіп тұр. Құдды бір Одақтың табалдырығының астына біреу аттың басындай алтын жасырып қойғандай. Сондай лас әңгіме, топас интригалардан қашқаным рас. Ондай ырду-дырдуға араласқым келмеді» деп айтты.
«5 жыл Одақта жұмыс істедім. Ұлағаң бастаған командамен бірге, бір үйдің баласындай тізе қосып, қолымыздан келген дүниенің барлығын жасап бақтық. Енді осы еңбектің барлығын жоққа шығарғысы келетін кейбір адамдардың ұсақ тірліктері мен қаңқу әңгімелерінен жүрегім айныды. Сатқындық пен өсек-аяң, ғайбаттың небір таңғажайып үлгілерін көзім көріп, құлағым естіп жатыр. Ешкімге ренжімеймін. Бәрін кешірдім. Пейіштегі періште емеспіз. Өмір ғой, бәрі заңды», - дейді Ақберен Елгезек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық