Қапшағайда баспана бағасы күрт өсіп кетті
Риэлторлардың айтуынша, Қапшағай қаласында баспана бағасы бірден 40 пайызға қымбаттаған.
Қапшағайда жылжымайтын мүлік нарығы күрт жанданды. Қаланың облыс орталығы болады деген хабардан кейін іскер сатушылар пәтер бағасын бірден көтерді. Риэлторлардың айтуынша, баспана 40 пайызға қымбаттаған. Олар қазір шаршы метріне орта есеппен 300 000 теңге сұрап отыр, деп хабарлайды 31 арна.
Бірнеше күннен бері жарнамаларда баға өзгеріп жатыр. Бұрын «бір бөлмелі пәтер» үшін сатушылар жеті миллион теңге сұраса, қазір бастапқы баға 11 миллион теңгеге жетті. Зүлфия Мұсагимованың жолы болды: ол дүрбелеңге дейін үш бөлмелі пәтер сатып алды.
— Бір ай бұрын 12 миллионға пәтер сатып алдым. Пәтерді жөндеуге үш миллион кетті. Ал енді қазір сатқым келс, бұл пәтерге 20 миллиондай сұрай аламын, - дейді Қапшағай қаласының тұрғыны Зүлфия Мұсагимова.
Бір қызығы, жылжымайтын мүлікке негізінен Талдықорған, Қаскелең және Шымкент қалаларының тұрғындары қызығушылық танытады. Жалға беру нарығында жағдай басқаша. Бағалары бұрынғыдай. Шын мәнінде, сұраныс ұсыныстан әлдеқайда асып түседі.
— Сонымен қатар 60 мыңдық бір бөлмелі пәтер құны өте сирек кездеседі. Бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 80 және 100 мыңнан. Екі бөлмелі пәтер 125 мың, үш бөлмелі пәтер 150 мың. Ал қазір ондай пәтерді Қапшағайдан таба алмайсыз. Мұндай бағалар бізде шамамен үш-төрт ай бұрын қалыптасқан. Неге екені әлі анық емес, бірақ барлығы сұранысқа байланысты. Жалпы жалдамалы баспана жеткіліксіз, – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Алма Қадырбаева.
Жаңа облыс орталығына тұрғындар легі бұрынғыдан да арта түспек. Сондықтан да 40 пайызға қымбаттаған баспана мен жер құны әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ деп болжауға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық