Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге бірауыздан шешім қабылданды
Фото: Ашық дереккөзден
24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы қоғамдық тыңдау түрінде өтті.
Мәселен, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді және спорт бөлімінің басшысы Шәйкенова өз баяндамасында қала әкіміне түрлі үкіметтік емес ұйымдардан Қапшағай қаласының атын «Дінмұхамед Қонаев» деп өзгерту туралы бастамашылық өтініштер түскенін айтты.
Олардың қатарында «Қамқор жүрек» және «Қапшағай самға» мүгедектер қоғамдық бірлестіктері, «Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі, «Отбасылық полигондар» қоғамдық бірлестігі, «Алматы облысының орыс орталығы», ұйғыр және кәріс этномәдени орталықтары, «Қапшағай жарқын болашақ» , «Аманат», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары, Кәсіпкерлер кеңесі бар. Шәйкенова Дінмұхамед Қонаевтың қаланың дамуындағы маңызды рөлін ескере отырып, мәслихат депутаттарынан бұл ұсынысты қолдауды сұрады.
Қапшағай қаласының атын өзгерту мәселесін талқылау барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Беспаев, қаланың құрметті азаматы, тұңғыш құрылысшы Жен, кәсіпкер Авдинов, «Қапшағай жастар болашағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүлейменов сөз сөйледі.
Дауыс беру нәтижесінде қала атауын «Дінмұхамед Қонаев» деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Еске салсақ, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, егер тұрғындардан мұндай ұсыныс түссе, Қапшағайдың атын Қонаев деп өзгертуді қолдауға дайын екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық