Apple сымсыз құлаққаптарына жасалған зеттеу жалған болып шықты
Фото: Pexels
Әлеуметтік желілерде Apple сымсыз құлаққаптарынан шығатын электромагниттік сәулені өлшейтін видео жарияланды. Бейне астындағы жазуда AirPods миға деструктивті әсер ететіні айтылған. Болжам бойынша ол адамда жиі бас ауруын тудырады. Осыған қатысты америкалық корпорация өкілдері жауап берді.
Apple AirPods миға зиянды деген пікірді растайтын ғылыми дәлелдер жеткіліксіз. АҚШ Федералды Байланыс комиссиясы (FCC) сымсыз құлаққаптар шығара алатын энергияның максималды мөлшері қауіпсіз шектен 10 есе төмен екенін айтады. Сонымен қатар, ол көптеген зерттеулерге сәйкес қауіпсіз деп саналатын деңгейден төмен.
«Ұялы телефондар мен Bluetooth құлаққаптары радиожиілік энергиясы деп аталатын электромагниттік сәуле шығарады. Бұл энергияның деңгейін ұлттық және халықаралық агенттіктер реттейді. Бұл адам ағзасының энергияны сіңіру жылдамдығын өлшеу арқылы жасалады. Осылайша меншікті сіңіру жылдамдығы (SAR) есептеледі. Және ол адам миының қабығына сіңірілген ватт саны ретінде өлшенеді (Вт/кг)», - дейді американдық корпорация өкілдері.
FCC белгілеген шектеу бар. Ол 1 грамм ми қабығы үшін орта есеппен 1,6 Вт/кг артық емес. Электротехника және электроника инженерлері институты (IEEE) стандарттарын үйлестіру комитеті және электромагниттік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық комитет (ICES) орта есеппен 10 грамм ми қабықшасы үшін 2 Вт/кг әсерін шектейді. Иондамайтын радиациядан қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (ICNIRP) өз әріптестерін қолдайды. Олардың пікірінше, бас пен денеге арналған құрылғылардың қуаты 10 грамм қабықшаға орташа есеппен 2,0 Вт/кг аспауы керек.
Ұялы телефондар да, құлаққаптар да адаптивті қуатты басқару деп аталатын технологияны пайдаланады. Ол құрылғы шығаратын қуатты реттей алады.
Халықаралық ақпарат агенттігіне хабарласқанда, Apple барлық өнімдердің қауіпсіздік талаптарына сай екендігіне көз жеткізу үшін мұқият сынақтан өткізетінін айтты.
«AirPods және басқа Apple сымсыз құрылғылары барлық қолданыстағы радиожиілік әсер ету ережелері мен шектеулеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар, AirPods және AirPods Pro қазіргі РЖ әсер ету шектерінен жартысынан астам төмен», - деді американдық корпорация өкілдері.
Apple сымсыз құлақаспаптарының арнайы энергияны сіңіру көрсеткіштері FCC талап ететін максималды деңгейден әлдеқайда төмен. Компанияның агенттікке берген құжаттарына сәйкес, сол және оң үшінші буындағы AirPods құрылғыларының максималды меншікті энергия сіңіру коэффициенті сәйкесінше 0,134 және 0,068 Вт/кг.
Ғалымдар сымсыз құрылғыларды ұзақ уақыт пайдалану денсаулыққа қаншалықты әсер ететіні туралы үнемі зерттеулер жүргізеді. Қазіргі дәлелдер Airpods және басқа сымсыз құлаққаптардағы радиожиілік сәулелену деңгейі адам ағзасына зиян келтірмейтінін көрсетеді. Сондықтан таралып жатқан ақпарат жалған. Дәлелсіз жасалған зерттеу жұмысына сенбеуге шақырамыз.
Жаңалықтар
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды