Apple су жаңа iPhone 13 смартфондарын көрсетті
Фото: Apple
14 қыркүйек Apple презентация өткізді. Онда iPhone 13 смартфондарының соңғы нұсқасы, i Watch Series 7 ақылды сағаттары, жаңа iPad және басқа да гаджеттер ұсынылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
iPhone 13
Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және үлкен жоғары сапалы батареясы бар. Диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болатын смартфондардың алдыңғы камерасы мен динамигінің көлемі кішірейтілген.
– Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді, - деді Cayenne Drance компаниясының өкілі жаңа өнім туралы.
Оның айтуынша, гаджеттер бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.
IPhone 13 бағасы 799 доллардан, iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жады бар iPhone-дың бағасы.

IPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max - бұл кәсіби топтама. Олар төрт түсте болады: қара, ақ, алтын түстес және көк.
iPhone Pro-нің процессор қуатты болады. Себебі, ол басқа iPhone 13-тегідей төрт емес, бес ядролы. IPhone 13 Pro-ның сыйымдылығы 1 ТБ.
IPhone 13 алдыңғы гаджеттерге қарағанда 1,5 сағатқа, iPhone 13 Pro 2,5 сағатқа ұзағырақ жұмыс жасайды.

iWatch Series 7
Компания өкілінің айтуынша, iWatch Series 7 сағаты берік және шаңға төзімді болады, сонымен қатар онда торлы дисплей бар. Сағат батареясы 18 сағат жұмыс істеуге жарамды. Жаңа заттың бағасы - 399 доллар.

iPad
iPad таныстыра отырып, бас директор Тим Кук жаңа планшеттің «одан да әмбебап болатынын» айтты. Ол iPad сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға өскенін және олардың танымалдығы өсе беретінін болжағанын айтты.
Жаңа iPad үлгісінде A13 Bionic процессоры мен iPad Pro-де табылған жақсартылған камера бар. 64 ГБ гаджет бағасы 329 долларға бағаланды.

Тұсаукесердің келесі жаңалығы iPad Mini болды. Ол жаңа, жетілдірілген дизайнмен жасалған. Диагоналы 8,3 дюйм және дөңгелектелген бұрыштары бар планшет алақанға ыңғайлы жасалған. Сонымен қатар, ол USB-C портымен және 5G қосылуымен жабдықталады. Компания жаңа iPad Mini өзінің алдыңғы нұсқаларына қарағанда ең қуатты, әрі әмбебап болады деп уәде береді. Жаңа өнімнің құны 499 доллар.
Жаңалықтар
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды
- Энергетикалық ресурс: Иранда жаңа газ қоры табылды
- «Қара түтінге тұншықтық»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінен өрт шықты
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
- Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін: Ақы төлеген жолаушыларға ақшасы қайтарылады
- ҚР ІІМ: Жағдай тұрақты, сайлау учаскелері тәулік бойы күзетіледі
- Қазақстан да бар: Сот 75 ел азаматтарына АҚШ визасын беруге салынған тыйымды жойды
- Найзағай ойнап, бұршақ жаңбыр жауады: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы
- «Құрылтай сайлауы LIVE»: Жаңа бірпалаталы Парламентке дауыс беру
- Гандидің 600-ден астам қолжазба хаты аукционда рекордтық бағаға сатылды
- Алматыдағы MEGA сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды