Apple Pegasus шпиондық бағдарламасынан қорғанудың жолын тапты
Фото: коллаж Orda.kz
Apple зиянды бағдарламалардың құрылғыларды басқаруына мүмкіндік беретін осалдықтарды жою үшін операциялық жүйесін жаңартты. Жаңартылған операциялық жүйе Pegasus шпиондық бағдарламасынан қорғайды. Жаңарту iPhone 6 смартфондарынан бастап, соңғы үлгідегі құрылғыларға дейін қолжетімді.
Бұл туралы Orda.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Канадалық Citizen Lab компаниясы Сауд Арабиясының белсендісіне тиесілі бұзылған телефонды талдау кезінде осалдығын анықтады. Вирус iMessage арқылы таралып, жұмыс істеу үшін қолданушыдан ешқандай әрекет талап етпеді. Вирусты жіберу үшін арнайы жасалған PDF файлын жіберу жеткілікті. IOS-тың жаңа нұсқалары бұл мәселені веб-мазмұнды көрсету жүйесінде шешеді.
Жаңарту Apple презентациясы қарсаңында болды. Онда компания төрт жаңа iPhone, Apple Watch, AirPods және MacBook Pro ноутбуктарының жаңартылған нұсқаларын шығарады.
Еске салсақ, Pegasus бағдарламалық қамтамасыз етуін израильдік NSO Group компаниясы жасаған. 2021 жылдың шілде айында оның журналистерге, белсенділер мен саясаткерлерге тыңшылық жасау үшін қолданылғаны белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мәліметінше, Pegasus тыңшылық бағдарламалық жасақтамасын қолданған кезде тыңдалуы мүмкін адамдардың тізіміне:
- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
- премьер-министр Асқар Мамин
- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев
- Informburo.kz тілшісі Серікжан Мәулетбай
- Central Asia Monitor газетінің бұрынғы бас редакторы Бигелді Ғабдуллин
- құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина
- бұрынғы банкир Мұхтар Әбләзов
- кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов пен Ғалымжан Есенов кірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық