Apple бас директорының жылдық сыйақысы
Apple бас директорының жылдық сыйақысы бір жыл ішінде 40% өскен. Сонымен қатар, компания Тим Кук үшін жаңа ынталандыру жоспарын да қабылдады.
Apple Inc. қаржылық нәтижелері өткен қаржы жылында компанияның ішкі мақсаттарынан асып түсіп, топ-менеджерлерге бонустық төлемдерді көбейтуге мүмкіндік берген.
Компанияның бас директоры Тим Кукке қыркүйек айында аяқталған 2020 қаржылық жылға арналған ақшалай өтемақы 40% -ға өсіп - 10,7 миллион долларға жетті. Бұл туралы Apple компаниясы Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына тапсырған құжаттарына сәйкес хабарлады. 2019-да Apple табысы мен кірісі азайған кезде Куктың сыйақысы 36% төмендеген болатын.
2020 қаржы жылының соңында, коронавирустық пандемияға қарамастан, Apple компаниясының пайдасы 3,9% -ға өсті, бұл жағдай компания шығарған ноутбуктар мен планшеттерге деген сұраныстың өсуіне байланысты болды. Бүкіл әлем бойынша адамдар қашықтан жұмыс істеу мен оқытуға көшкен кезде 2020 жылы Apple-дің капитализациясы 2 триллион долларға дейін, яғни 80% -ға өскен.
Куктың 2020 жылы қыркүйекте қабылданған жаңа ынталандыру жоспары акцияларды Apple компаниясының басшысына беруді көздейді, яғни 2023-2025 жылдары оның меншігіне айналады. Бұл Кукке алдағы жылдары компанияның басында қалуға стимул береді, деп жазады The Wall Street Journal.
Қазір 60 жастағы Тим Кук Apple-де 1998 жылдан бері жұмыс істейді.
Соңғы қаржы жылында Куктың жалақысы алдыңғы жылдағыдай 3 миллион долларды құрады. Компания сонымен бірге бас директордың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 470, 246 мың АҚШ долларын және бір жыл ішінде оның әуе сапарына 432 564 доллар жұмсаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық