«Әпкесін буындырып өлтірді»: Психикалық орталықтың науқастарын ұрлап, өлтірді
Фото: Orda.kz
Жылжымайтын мүліктерін иемдену мақсатында жалғызбасты зейнеткерлер мен психикалық ауытқулары бар адамдарды ұрлап, тіпті өлтірген атышулы қылмыстық топтың ісіндегі жаңа үрей тудыратын жайттар ашылуда.
Кезекті сот отырысында ҰҚТ-ның басшысы Г-дан әпкесін буындырып өлтірді деген айыппен жауап алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері, нотариус қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, риэлторлар, сот-медициналық сарапшылары және басқа да тұлғалар қатысқан сұмдық оқиғаның соты әлі жалғасуда. Қылмыскерлер психикалық ауруға шалдыққан жалғызбасты адамдар туралы ақпаратты әлеуметтік қызметкерлер мен психикалық денсаулық орталық дәрігерлерінен алып отырған. Кейбіреулерін жай ұрлап әкетіп, пәтерлерін басқа адамға рәсімдеп, нарық бағасынан төмен сатқан. Ал кейбіреулерін тіпті өлтірген.
Қазіргі таңда 7-8 эпизод қаралуда. 7 эпизод бойынша Г. әпкесін тұншықтырып өлтірді деп айыпталуда. Сот отырысында Г.-дан жауап алынды.
«Мен ешкіммен келіссөз жүргізген жоқпын. Ешкімге қоңырау шалмадым. Мен үйге бардым. Таңертең апама келдім. Есікті Женя ашты. Өлгенін үйге кірген сәтте білдім. Содан кейін жерлеу қызметіне қоңырау шалдым. Олар тексерді. Барлығы үшін жерлеуге 700 мыңдай төледім. Мен құжаттарды бұрмалаған жоқпын. Мен оны тұншықтырып өлтірмедім», - деді Г.
Бұл эпизодқа күдікті Б.-ның да қатысы бар.
«Менің бұл іске қатысым жоқ. Кемпір қайтыс болған соң ғана бардым. Қалада жүргенде Г. хабарласып айтты», - деп ақталды Б.
Г. әпкесіне аяқ астынан ауырып өлді деген жалған құжат жасатқан. Сол құжатты жасаған К.-тан жауап алынды.
«Желтоқсанның 22-сі күні таңертең жерлеу қызметінің жұмысшысы Наталья Цой маған қоңырау шалып, егде жастағы әйелдің қайтыс болған жеріне баруды өтінді. Гапарова мені қарсы алды. Бөлмеде басқа да адамдар болды. Әйелдің диагнозын сұрадым: ишемиялық ауру деді. Мәйітті тексермедім. Шеміршектің сынуы өлімге алып келуі мүмкін. Күмәнім болса, тексерер едім. Мен тек құжаттарды жазып бердім. Медициналық тұрғыдан қайтыс болғаны туралы анықтама бердім», – деп жауап берді К.
Жәбірленушілер мен кейбір айыпталушылар бұл іске басқа да полиция қызметкерлерінің қатысы бар деп отыр. Олар бұл оқиға бойынша тергеу жылдар бойы басталмағанын, қылмыстардың нақты айғақтары болғанына қарамастан, іс қозғамағанын айтты.
Сотталушы әрі ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің бірі деп танылған Б., қамауға алынбау үшін тергеушілерге бірнеше миллион теңге бергенін мәлімдеді.
Психикалық науқастарды ұрлады, зорлады, өлтірді
Жұртшылық өкілдерінің бірі бұл іске қатысты айыптау қорытындысын әлеуметтік желіде жариялады. Онда кейбір науқастардың жыныстық зорлық-зомбылық көргені анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері науқастың пәтері бар екенін 2021 жылдың көктемінде Каблуков көшесіндегі Орталық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісінен білген деген болжам бар. Науқас «параноидты шизофрения» диагнозы қойылған екінші топтағы мүгедек, басында жылжымайтын мүлкі бар және жақын туыстары жоқ екені белгілі болған.
Бөлім меңгерушісі науқасты Психикалық денсаулық орталығынан шығарып, ұрылар арқылы ерік-жігерді басатын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отырған.
Жаңалықтар
- Айына 145 мың теңге алатын қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады
- Құтқарушылар Атырау облысында қар құрсауынан екі адамды құтқарды
- Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқандар мен ТК жарнамалағандарға айыппұл айтарлықтай өсті
- Қарағандыда екі әйел есірткінің ірі партиясымен ұсталды
- Қазақстан шекаралық және логистикалық қызметтердің цифрлық форматын ұсынды
- 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen бастала салысымен тарихи нәтижеге жетті
- Рамзан Қадыров ұлының апатқа ұшырағанын жоққа шығарып, оған кезекті марапат берді
- «Ажырасып депрессияға шалдыққан»: Шымкентте әйел туған балаларын өлімші етіп сабап, денесіне үтік басқан
- Шегіне жеткен шиеленіс: ЕО Гренландияны сатуға қарсыларға Трамптың баж салығын енгізуіне бірлесіп жауап береді
- 2025 жылы Қазақстанда 8,7 мыңнан астам еңбек құқығы бұзылды
- Данияда АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр
- Трамп Гренландия мен Арктикаға байланысты Еуропаға сауда тарифтерін енгіземін деп қоқан-лоқы жасады
- Ұлттық құрылтай 100 жылдан кейін Қызылордада өтеді
- Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кідіреді
- Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Еліміздің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өзгерді
- Аида Балаева: жекеменшік мектептер білім сапасын төмендетті
- Алматы облысындағы күре жолдағы жол апатынан әйел адам қаза тапты
- НАТО-ның аралдағы тұрақты миссиясын барлайтын әскери топ Гренландияға келді
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды