Апелляция Дикий Арманның ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: Коллаж Orda.kz
Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Дикий Арман мен оның серіктерінің жазасы жеңілдетілмеді, деп хабарлады Orda.kz.
Апелляциялық алқа Қаңтар оқиғасы бойынша қаралған іс жөнінде шешім шығарып, Арман Жұмагелдиев, бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-ның бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа тағайындалған жазаларды азайтудан бас тартты.
Бұған дейін сот оларды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу, адамдарды ұрлау және қаруды заңсыз сақтау қылмыстары бойынша кінәлі деп тапқан.
Нәтижесінде Дикий Арман 20 жылға, Құдайберген сегіз жылға, ал Ысқақов 15 жылға бас бостандығынан айырылған.
«Сот шешімімен келіспейміз» — Дикий Арманның адвокаты
Жұмагелдиевтің адвокаты Олег Чернов Orda.kz тілшісіне пікір білдірді.
«Апелляциялық инстанция бірінші инстанция сотының үкімін өзгертуге немесе күшін жоюға әсер ететін біз келтірген уәждерді қайта тексерген жоқ. Біз көрсеткен құқықбұзушылықтар бойынша түсіндірмелерді түпкілікті қаулыдан көретін боламыз. Бірақ сот түсіндіру барысында ештеңе айтпады. Менің ойымша, процессуалдық жағынан да көптеген бұзушылықтар болды. Апелляция шешімімен де, бірінші инстанция үкімімен де біз келіспейміз», — деді адвокаты.
Еске сала кетейік, 20 қараша күні Алматыдағы СИ-18 изоляторында Қаңтар ісі бойынша айыпталған 29 адамға үкім шықты. Сот жабық өтті. Н.Ерасыл 18 жылға, тағы бірнеше адам 7–13 жылға, қалғандары 1–4 жылға сотталды. Тергеу оларды Арман Жұмагелдиевтің тобына қатысы бар деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық