Апатта қаза болған әзірбайжандық бортсеріктің күйеуі өтемақыны қайтарып берді
Фото: Teleqraf.com
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі Хёкума Әлиеваның күйеуі 12 млн теңге көлеміндегі өтемақыдан бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Teleqraf.com мәліметінше, Хёкума Әлиеваның жұбайы Этибар Әлиевтің өтемақыдан бас тартқаны жайлы бортсеріктің әкесі Жалил Әлиев хабарлады. Хёкуманың күйеуі, заңды мұрагер ретінде, мемлекет ұсынған 40 000 манат (шамамен 12 млн теңге) көлеміндегі сақтандыру төлемі мен өтемақыдан бас тартты.
«Біз оған мемлекетіміз тарапынан бөлінген барлық қаражатты тапсырдық, бірақ ол бұл ақшаны қабылдамай, қайтарып берді», деп хабарлады Ж.Әлиев.
Э.Әлиев өзіне ұсынылған өтемақы қаражатынан бас тартқанын растады, бірақ оған қатысты пікір де білдіргісі келмеді.
Еске салсақ, апат салдарынан зардап шеккен әрбір адамға 20 000 манат көлемінде, ал қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне 40 000 манаттан өтемақы төленген болатын.
Сондай-ақ, батыр қыз жайлы Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер, сценарист Зия Шихлинский жаңа фильм түсіруге дайындалып жатыр.
Апаттан аман қалғандар дәл осы қыздың батылдығын атап өтіп, соңғы сәттерде тәртіп пен сабырлық сақтау үшін барын салғанын айтқан еді.
Хёкюма Әлиева 1991 жылы Кәлбаджар ауданында дүниеге келген. Тұрмыс құрған, баласы жоқ. Бортсеріктің анасы қызының ерлігін, батырлығын айтқанда көзіне жас алып, әкесі қызын өз қолымен жерлеген еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды