Қаныш Бижанов: туберкулезбен ауырғандар саны азайып келеді
2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 219 адамнан туберкулез ауруы анықталды, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
24 наурыз – туберкулезбен халықаралық күрес күні. Осыған байланысты 24 ақпаннан бастап туберкулез ауруының алдын алуға бағытталған айлық жүріп жатыр. Айлық аясында СҚО фтизиопульмонология орталығында «ашық есік» күні өтті.
Қаныш Бижановтың айтуынша, өңірде туберкулезбен ауырғандар саны азайып келеді. 2019 жылы туберкулезбен 348 адам ауырса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2019-ды құраған. Яғни, 36,4 %-ға кеміген.
— Жаңадан 219 адам ауырса, тағы 112-сінде рецидив болды. Флюрографиялық тексерістен жоспарланған 354 мың адамның 328 мыңнан астамы өтті. Нәтижесінде 123 науқас анықталды. Жоспарды аудандарда 100 % орындауға карантиндік шектеулер кедергі болды. Сондай-ақ бактериоскопиялық және Gxpert әдісімен 4 мыңға жуық тұрғын тексерілді. 247 адамның бактерия бөлетіндігі анықталып, 198 адамда оң нәтиже болды, дейді Қаныш Бижанов.
Қазіргі таңда 40 мыңнан астам баладан туберкулез сынамасы алынды. Диаскинтест арқылы 6 мыңға жуық бала тексеріліп, оның 5774-не туберкулезге қарсы екпе егілді.
— Туберкулезбен ауырғандарға әлеуметтік көмек қарастырылған. Былтыр 30 млн 237 мың теңге 528 сырқатқа берілді. Бір адамға ай сайын 16 668 мың теңге көмек бар. Алайда бұл көмек барлық ауданда бірдей көрсетілмейді. Мәселен Тайынша және Ақжар аудандарында үш айда бір рет, ал Петропавлда 27 780 теңге жылына бір рет қана беріледі, дейді СҚО фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері міндетін атқарушы Қаныш Бижанов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық