Антикор төрағасы: біз үшін бюджет ақшасының ұрланбауы маңызды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді талдау нәтижелерін қарау жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Отырыс кезінде агенттік төрағасы Марат Ахметжанов агенттіктің мал субсидиясына қырын қарамайтынын, керісінше оның ұлттық мәселеге айналғанын атап өтті. Агенттіктің отырыстан үзінділерді telegram арнасында жариялады.
«Бәрін көзбояушылық пен тапсырманы орындау туралы есеп үшін жасауға болмайды. Бұл ретте жұртшылық пен фермерлерді жұмысқа көзбояушылық үшін емес, шынайы жұмылдыру қажет. Олар өз ұсыныстарын білдіріп, егер нақты ұсыныстары болса, тіпті ережелер жазуы тиіс» деп атап өтті М. Ахметжанов.
«Агенттік агросаясатқа еш араласпайды. Біз маман емеспіз, фермер емеспіз. Біз үшін бюджет ақшасының ұрланбауы және онда жемқорлықтың болмауы маңызды. Ең бастысы, субсидияларды шынымен лайықты, өндірісті дамытып, жұмыс орындарын құрып, халық үшін өнімді арзандатып, ел экономикасын көтеретіндер алуы керек» деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы.
Өз кезегінде Агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы А. Жұмағали талдау барысында анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін белгілеп, тергеудің өзекті нәтижелерін атап өтті. Бүгінде өндірісте 54 іс бар. 22 адам күдікті деп танылып, 16 адамның іс-әрекеті сараланды. Оның 14-і қамауда, екеуі үй қамағында. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар арасында - 11 лауазымды тұлға, оның ішінде ҰАҒБО-ның 2 қызметкері бар. 2 адам сотталды. Бұл істер бойынша алдын ала шығын 2,6 млрд теңгеден асады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық