Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады
Фото: Rexels
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің телеграм жаңалықтарында жарияланды. Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз бергені туралы бейне ақпарат зерделенді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақтылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.
Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша Агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді.
Спортты теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы халықаралық стандарттарды ратификациялау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін спорт, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша толық деректерді қамтитын Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды.
Бұл спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құруды көздейді және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық