Антикор орманшыларды жемқорлық жасады деп күдіктенеді
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар шенеуніктері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
«Қазіргі уақытта шенеуніктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді» деді министрлік.
Бұл іске орман шаруашылығы бас директорымен бірге комитеттің есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы да араласып жатқаны белгілі. Олардың барлығы алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін жымқырды, пара берді және алды деген күдікке ілінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық