Антикор Мәдениет министрлігі шенеуніктеріне қатысты іс қозғады
Сурет: gov.kz
Мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Республикалық мектеп» мемлекеттік кәсіпорнының ведомстволық бағынысты ғимаратын иеліктен шығару фактісі бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Лауазымды тұлғалар Алматы қаласындағы «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік кәсіпорнының ведомстволық бағыныстағы ғимаратын үлестес заңды тұлғаның пайдасына жеңілдетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша мемлекет мүдделеріне ауыр зардаптар әкелген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іске қатысты басқа ақпарат берген жоқ.
Бұған дейін экс-Мәдениет министрі, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Ол әлі де қамауда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық