Антикор Кентау экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады
Антикор Түркістан және Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады. Ол 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола тұра, жеке компанияның иесін жауапты шенеуніктерді аса ірі көлемде пара беруге үгіттеп, оның орнына құрылыс тендерін ұтып аламыз деп уәде берген. Қажетті ақшаны алып, оны өзіне иемденіп, ақшаның бір бөлігін Астанадан жаңа үй, қымбат көлік пен бірнеше жүк көлігі сатып алуға жұмсаған» деп хабарлады «Антикор» баспасөз қызметі.
Аюповтың әрекеті аса ірі көлемде пара беруге итермелеу және алаяқтық деп сараланып, ол тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс материалдар шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына жіберілді», - деп толықтырды ведомство.
Еске салайық, Аюповтың ұсталғаны туралы наурыз айының соңында белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық