Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталуына қатысты мән-жайды түсіндірді
Фото: Ашық дереккөзден
Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың ұсталуына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше Қожағапанов сыбайлас жемқорлықпен айналысқан деген күдікке ілінді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар нәтижесі бойынша мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесінде әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавлда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасуды қолдады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Арман Тілеукеновтың айтуы бойынша форумды өткізуге арналған смета екі есеге ұлғайған, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалып кетуіне әкелген.
«Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп толықтырды Антикордың ресми өкілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық