Антикор басшысының орынбасары тағайындалды

cover

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары болып Дархан Құрақбаев тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды» делінген хабарламасында.

Еске салайық, 5 сәуірде агенттік төрағасы лауазымына Асхат Жұмағали тағайындалған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар