Анталиядағы келіссөз қорытындысы: Соғыс тоқтамайды
Түркия тарапының арағайын болуымен Анталия қаласында өткен Украина – Ресей СІМ басшыларының келіссөзі 90 минутқа созылып, нәтижесіз аяқталды.
«Украина Мариупольден және Мариупольге гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, азаматтардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір тәулікке соғыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды. Ресей бұған келіспеді, Украина келіссөздерді жалғастыруға дайын. Бүгін Ресей тарапынан Украина Путиннің талаптарын орындаса, оқ ату тоқтайтыны туралы сыбыс шықты. Украина берілмейді. Біз дипломатиялық шешім іздейміз, қалған жағдайда өз азаматтарымызды агрессиядан қорғаймыз», - деді Украина СІМ басшысы Кулеба.
Ресей СІМ басшысы Лавров Беларусь жеріндегі соңғы келіссөздер кезінде Украина өкілдеріне құжаттар тапсырғанын айтып, бүгінгі келіссөздерден ешқандай нәтиже күтпегенін жеткізді.
«Кулеба мырза әскери әрекеттерді тоқтатуға қол жеткізе алмағанымыз туралы айтты. Әрине, біз мұнда әскери әрекеттерді тоқтатуды көздеп келген жоқпыз», - деді ол.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Корея президенті КХДР-ге бейбіт келіссөз бастауды ұсынды
- Жаһандық экологияға қауіп: Оман мен Иран жағалауындағы мұнай төгінділері
- Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері