Әншіні ұрған бұрынғы ҰҚК қызметкері 70 мың теңге айыппұлмен құтылды
Фото: Gov.kz
Биназир Ермағамбетова (BikaBreezy) көршісін сотқа беріп, оны ұрып-соқты және қорқытты деп айыптаған болатын. Алматы қаласының Медеу аудандық соты оған 70 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетсек, Биназирдің айтуынша, айыпты бұрынғы ҰҚК қызметкері. Ол сотта мемлекеттік органдардағы таныстарын мақтан тұтқан.
Ол арызын қайтарып алуға да, басқа жағдайларға да көнбейтінін, соңына дейін күресетінін мәлімдеген еді. Бүгін соттың шешіміне наразы болған ол өзінің әлеуметтік желісінінде бейнежазба жариялады.
«Яғни, 70 мың теңге төлеп, әрі қарай ұрып-соға беруге болады, өйткені өлтірген жоқ қой… Бірінші күні көршім кеудесін соғып: «Маған не істей аласың? Менің таныстарым бар, ақшам бар!» – деп мақтанды. Тергеушілер арқылы арызымды қайтарып алуға мәжбүрлемек болды. Керісінше, өзі менің үстімнен арыз жазып, оны ұрған мына мен деп шықты. Бірақ бұл жағдай қоғамда кең талқылана бастаған сәтте, біздің «батыр» сотта үнемі жылап, денсаулығына, жүрегінің ауыратынына шағымданып, менің одан күштірек екенімді, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. «Менің төрт балам бар, мені аяңыз» деп жалынды. «Анораның» Оскарын алып, менің көршіме тапсыру керек шығар? Балалары оның жазасын жеңілдетуге 100% әсер етті! Мен тіпті моральдық өтемақы талап етпей, есесіне оның түрмеге қамалуына келісер едім. 14-ақ күн! Қыздар, елімізде осындай жағдайлардың болатыны жанымды ауыртады... Мен барымды салдым… Бар-жоғы 100 000 теңге моральдық өтемақы. Оны мен қайтемін?», — деді Биназир Ермағамбетова.
Еске сала кетсек, әнші көршісінің бұрынғы ҰҚК қызметкері екенін және айналасына қызметте болғанын айтып құқай көрсетіп жүретінін мәлімдеген болатын.
Сот оны айыпты деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды. Моральдық шығын ретінде 100 мың теңге өндіруді талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық