Анна Седакова Rixos Aktau қонақ үйінде концерт өткізді
Жақында украиналық әнші Анна Седакова Ақтаудағы Rixos қонақ үйінде концерт өткізді. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ақтау қаласының әкімдігі концертке қатысты түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz Лада сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан концерт өткізген әншінің іс-әрекеті сынға алынды.
Қала әкімдігі карантиндік шектеулерді бұзу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Кінәлілерді жазалау үшін әкімшілік хаттама жасалған. Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау басқармасы оны тексереді.
– Концертті ұйымдастырушыға айыппұл салу ықтималдығы бар, -деді әкімдікте.
Еске салсақ, өткен демалыс күндері украиналық әнші Анна Седокова «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде концерт өткізген.
Сондай-ақ, қонақүйде қыркүйекте осыған ұқсас тағы 2 концерт өткізу жоспарланған.
Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова бес жұлдызды қонақүй аумағындағы барлық концерттер 31 шілдеден бастап тоқтатылатыны туралы айтқан.
Қонақ үй әкімшілігі де концерт болмайды деп сендірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық