Қанды қаңтар кезінде сырттан келген әскерге қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды
Фото: ruinformer.com
3 маусым Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-мен 182,3 млн теңге және Sanzheli ЖШС-мен 15,1 млн теңге тікелей бір көзден сатып алу тәсілі арқылы келісімшарт жасасты.
Мият Кәшібай Telegram арнасында екі келісімшарт та қанды қаңтар кезінде Қазақстан билігінің шақыртуымен елге кірген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскеріне жұмсалған шығынды өтеу мақсатында жасалғанын жазды.
«Екі келісімшарттың да техсипаттамасында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қаулысы тұр. Қаулыда: «Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасына жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы сомасы 197 454 551 теңге бөлсін, оның ішінде ҰШҚҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері мүшелерін тамақтандыру жөніндегі шығынды өтеуге 15 127 542 теңге, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде ҰҚШҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу кезінде әуеайлақтық және жер үстінде қызмет көрсету бойынша көрсетілген қызметтер үшін 182 327 009 теңге қаржат бөлсін» делінген.
Еске салсақ, қанды қаңтар кезінде Қазақстанға ҰҚШҰ-ның 2 мың әскері кірген. ҰҚШҰ әскерінің шығынын Қазақстан өзі көтерген.
Дегенменде, ҰҚШҰ жарғысының ұйымды қаржыландыруға қатысты бабында «Мүше мемлекеттер өз өкiлдерi мен сарапшыларының ұйым органдарының кеңестерiне, отырыстарына және ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн басқа да iс-шараларға қатысуымен байланысты, сондай-ақ өкiлеттi өкiлдердің қызметiмен байланысты шығындарды дербес түрде атқарады» деген тармақ бар.
Демек, Қазақстанға әскер жіберген елдер шығынды өз мойнына алуға міндетті. Бірақ Алматы әкімінің қаулысы бойынша ҰҚШҰ әскеріне кеткен шығынды Қазақстан өзі көтерген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық