Қанды қаңтар: азаптау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды
Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін 170 азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін азаптау мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың 170 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп сенбі күні ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысы өтіп, онда ұлттық қауіпсіздіктің бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов қаңтар оқиғасы бойынша тергеу барысы туралы баяндады.
«Ұсталғандардан прокуратураға барлығы 305 арыз түсті. 62 арыз бойынша заң бұзушылықтар расталмады. Азаптау және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың 170 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.
Бас прокурордың айтуынша, қазір 3024 қылмыстық іс тергелуде. Арнайы прокурорлар басқаратын ведомствоаралық тергеу тобы тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттерге қатысты 177 істі қарайтын болады.
Прокуратураның мәліметінше, қамауда барлығы 779 адам отыр. Ұсталғандардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 24 мүшесі бар,ал 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау бойынша отырып шыққандар.
«109 азаматтың жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да материалдарды зерделеп, қамауға алулар ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме мен жеке кепілдікке ауыстырылды. Прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығын ескеріп, тағы 103 адамды босатты. Ұсталғандарды азаптау туралы әрбір хабарлама мұқият тексеріледі» делінген хабарламада.
Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста екені атап өтілді. Оларды ұстау жағдайларын тексеру үшін тергеу абақтысына, уақытша және арнайы ұстау изоляторларына кіруге рұқсат берілді.
— Әрбір жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, бұлтартпас дәлелдер болған жағдайда ғана жауапкершілікке тартамыз, - деп келтіреді Нұрдәулетовтің баспасөз қызметі оның сөзін.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға қаңтар оқиғасын жан-жақты тексеру, қамауға алынған азаматтардың құқықтарын қорғау, тергеу барысы туралы халықты дер кезінде хабардар ету жөнінде тапсырма берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық