Қандастар үшін Қазақстан азаматтығын алу жеңілдетілді
Фото: inbusiness.kz
1 қыркүйектен бастап тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін төрт мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіле бастады. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызметі қоныс аударушыларға қажет тағы үш қызметпен бірге көрсетіледі.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметке өтініш бергеннен кейін «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу», «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» қызметтерін пайдалана алады, - делінген хабарламада.
«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімдері:
- – қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні;
- – қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 жұмыс күні;
- – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 күнтізбелік күн;
- – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 жұмыс күні.
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Жаңалықтар
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты