Қанат Айтбаев Димашты «қырғыз» дегендерге жауап берді
Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Димашты «қырғыз» дегендерге қатысты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жауап жазды. ORDA жазбаны қаз-қалпында жариялайды.
«Құдандалы, жекжатты болар кезде ғана айтылатын ру тармақтарын, өмір тарихын жариялы түрде баяндауға мәжбүр еткен «журналистерге» не дейін..», - деп қынжылады Қанат Айтбаев.
Дегенмен Қанат Айтбаев ата-бабасының кімнің-кімнен тарағанын, қай рудың қыздарын қалыңдыққа алғанына дейін түсіндірді:
«Әжем Рахиманың руы Әлімнің ішіндегі - Жақайым, оның ішінде - Быламық. Ол кісі бойжетіп, Жақайым руының ішіндегі Талпақ, Қырғыз руының жиені Төлеубай деген кісіге тұрмысқа шығады. Екеуі бірнеше бала сүйеді. Сөйтіп жүргенде отызыншы жылдардың аласапыраны басталады. Аштықтың кезінде Төлеубай атамыз өліп, әжеміз бала-шағасын аштан өліп қалмас үшін уақытша балалар үйіне өткізіп, аласапыран заманда олардан көз жазып қалады. Ауылда аман қалған үлкендер ақылдаса отырып, сүйенер тірегінен, бала-шағасынан тірідей айырылған қам көңіл Рахима әжемді Әлімге сіңген қырғыз руының ішіндегі Барақ, оның ішіндегі Тілеубайдан тарайтын, жұбайы қайтыс болған менің атам Айтбайға қосады. Жан-жақтағы ағайын-туыстың сүйемелдеуімен екі жарты бір бүтін болып, түтін түтетеді. Көп ұзамай өмірге менің әкем келеді. Анадай жағдайлардан кейін дүниеге келген бала тіпті тәтті көрінеді ғой, екеуі де: «Бізге бұл баланы Құдай берді...» десе керек. Сөйтіп, екі шаңырақтың өшкен отын тұтатқан сәбиге Құдайберген деген есім беріледі. Әкеміз 7-8 жасқа келгенде, тағы бір қуанышты жағдай болыпты. Әжемнің Төлеубайдан туған Аязбай деген ұлы аман табылады. Айтбай атам той жасап, бауырына басқан. Аязбай да мейірімді, елгезек бозбала екен, лезде атама бауыр басады. Менің әкем Құдайбергенді еркелетіп, ертіп жүреді екен.
Бір күні Айтбай атам аттан құлап, мертігеді. Дерті әбден меңдеп, өмірден озар алдында ұлы Аязбайды шақырып алып: «Балам, естияр жігіт болып қалдың, менің уақытым таяған сияқты, інің Құдайберген өзіңе аманат, ешқашан бөлінбеңдер, саған сендім...» деп үзіліп жүре беріпті. Кейінірек анасы да өмірден озыпты. Атамыз қайтқан кезде менің әкем Құдайберген бар болғаны тоғыз жаста екен. Әке аманатына берік Аязбай атамыз інісі Құдайбергенді жетелеп жүріп өсіріп, Барақтың Тілеубайынан, Жақайымның Талпағынан тарайтын барлық туыс, туғанның мейірімін бойына тең сіңіреді. Әкем Жақайым мен Барақтың ортақ баласы болып ер жетеді. Әскер қатарынан келген соң, ағасының ақ батасын алып әкем Алматы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі.Оқып жүріп, Ақтөбенің Шалқар өңірінен келген, Әлімнің Шектісінен тарайтын Қабақтың қызы, менің анам Миуамен танысып, шаңырақ көтереді».
Екеуінен үш бала өрбідік - мен, әпкем Гүлзира, қарындасым Нұргүл. Мен 1993 жылы институт бітіріп, Әлімнің Шектісінен, оның ішінде Назар руының Бәшенінен тарайтын Ермекқызы Светамен шаңырақ көтердім. Аллаға шүкір, қазір екі ұлымыз, бір қызымыз бар, дейді әлемге танымал жұлдыздың әкесі.
Ата-анамысымен бірге бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан танымал отбасына сөз келеді деп кім ойлаған? Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысы жоқ екенін ашып жазған сүйікті әншіміздің әкесі қаңқу сөзге нүкте қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық