Анасына тіл тигізгені үшін жеті бала туып берген әйелін балғамен ұрып өлтірген
Фото: freepik.com
Ташкентте 31 жастағы ер адам анасына тіл тигізгеніне ашуланып, жеті перзент туып берген әйелін аяусыз балғамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды, Orda.kz.
Бұл туралы Өзбекстанның жоғарғы сот өкілі Әзиз Әбідов телеграмдағы парақшасында «Millar» телеарнасының оқиғаға қатысты түсірген сюжетімен бөлісті. Сотта ер адам істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Әйелі анасына қарсы сөз айтқанына шыдай алмай ашуға булығып, қолында тұрған балғамен қалай ұрып тастағанын өзі де байқамай қалғанын айтты.
«Жағдайымыз жақсы еді, жеті баламыз бар. Алайда, әйелім екеуміз үнемі ұрысып қала беретінбіз. Анама тіл тигізгенде өз-өзімді ұстай алмай, оны басынан балғамен ұрып тастадым», – деді сотталушы.
Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ақырында жеті бала бір күнде тұл жетім қалды. Аналары бақилық болып, әкелері түрмеге тоғытылды.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?