Анасын мәжілістің мінберінде құттықтаған Назаров сотталған жасөспірімдерге не айтты?
Фото: instagram/ Ардақ Назаров
Кеше ғана мәжіліс мінберінен анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған депутат Ардақ Назаров бүгін Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №11 тәрбиелеу мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандармен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, кездесудің басты мақсаты — кәмелетке толмаған сотталғандардың түзелуге деген ынта-жігерін арттыру. Белгілі тұлғалармен әңгімелесу жасөспірімдер үшін құнды тәжірибе әрі шабыт көзі. Бұл әр бала өмірін өзгертіп, дұрыс жолға түсуге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, кездесуде Ардақ Назаровтан басқа ММА-дан дүркін әлем чемпиондары Қазыбек Әшімов пен Аңсар Дәулетбай және ММА жаттықтырушысы Батырбек Абылай болды.
Осы орайда айта кетейік, кеше ғана мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтады. Назаровтың бұл әрекеті жұртшылықтың назарынан тыс қалмады. Әлеуметтік желіде көпшілік депутатты сынап, ол жердің құттықтау жолдайтын емес, ресми заң шығарып, сауал тастайтын орын екенін жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық