«Анасын мүгедек баласына жақындатпады». Елордадағы автобус жүргізушісіне шағым түсті
unsplash.com
Нұр-Сұлтан тұрғыны елордадағы автобус жүргізушісі әйелді мүмкіндігі шектеулі ұлы қалған автобусқа кіргізбеді деп шағымданды. Куәгердің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балаға анасы бірнеше аялдамадан өтіп бара жатқан қоғамдық көлікті басқа көлікпен қуып жетуге мәжбүр болған.
Facebook қолданушыларының бірі оқиғаға куә болды. Оның айтуынша, «Министрлік үйі» аялдамасында әйел мүмкіндігі шектеулі баласын автобусқа кіргізген. Артынан өзі кірейін дегенде, көлік жүргізушісі әйелді аялдамада қалдырып, есікті жауып алған.
«Айтыңызшы қалалық маршруттың жүргізушісі қандай болуы керек? Мен бүгін №60 қалалық автобустың жүргізушісінен адамгершіліктің қаншалықты төмен болатынына куә болдым. Ол адам емес, біздің қоғамның төменгі сатысында. 8.40-та «Министрлік үйі» аялдамасында №60 автобустың жүргізушісі автобусқа кіріп үлгерген мүмкіндігі шектеулі баласының артынан ілесіп келе жатқан әйелді кіргізбей қойған! Айтпақшы, бала 9-10 жаста және ол сөйлей алмайды.Әйел қандай күйзеліске түсті, мұны сөзбен айтып жеткізу қиын. Көліктегі адамдардың барлығы оның есікті қағып жатқанын естіді, бірақ жүргізуші оны елемей, жүріп кетті», - деп жазды Астана-Что? Где? Когда? тобының қолданушысы.
Куәгердің айтуынша, әйел басқа көлікпен автобусты қуып жетуге мәжбүр болған.
«Келесі «Ақбұлақ-3» аялдамасында ол автобусты қуып жетті, бірақ жүргізуші оның көлікте мүгедек баласы бар деп айқайлап жатқанын естігенімен есікті қайта жауып тастады. Тек келесі аялдамада әйел ішке кіре алды. Бүкіл жолаушылар айқайлады. Егер адамның кемтарлығы болса, бұл оған хайуан сияқты қарауға болатындығын білдірмейді. Оған жолаушыларға осындай қатынас жасау құқығын кім берді? Неліктен әйелдер мен мүгедектердің құқықтары қорғалмайды? Неліктен мұндай адамдарды жұмысқа алады? Меніңше, автопарк басшылығы әйелден және мүгедек баладан кешірім сұрауы керек!» - деп қосты жазба авторы.
Компанияның баспасөз хатшысы Оксана Лоскутованың айтуынша, бұл автобус толық тергеу жүргізу үшін жолдан шығарылған, жүргізуші жұмыстан уақытша шеттетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық