«Анасын аяусыз сабады»: Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы 3 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Қарағандының бұрынғы әкімі Шәймерден Оразалиннің ұлы 78 жастағы анасын аяусыз сабағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жас жігіт жанжал кезінде анасын ұрған. Содан әйелдің миы шайқалып, мұрны мен қабырғасы сынған.
Әйел соққыдан соң 2 күн үйінде жатыпты. Ауруханаға барса соққыларды көріп, дәрігерлер полиция шақырады және ұлын ұстап әкетеді деп қорыққан. Көршілері үшінші күні әйелдің ауыр халін байқап жедел жәрдем шақырыпты.
Қарағандының Қазыбек аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот оны анасына моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді