Анасы мен баласын қағып өлтірген жүргізуші 10 жылға сотталуы мүмкін
Ақтауда анасы мен баласын қағып өлтірген 42 жастағы жүргізуші 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Астана телеарнасының хабарлауынша, жол апаты жаяу жүргіншілер өткелінде орын алған.
Алған жарақатынан 29 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды. Ал бес жасар қызы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бірақ бала есін жимастан қайтыс болған.
Қайғылы оқиға жарты түнде болған. Анасы мен баласы жаяу жүргіншілер өткелінен өткен бойда оларды көлік қағып кеткен. Бейнежазбада шетелдік көлік оларды 10 метрге дейін сүйреп апарғанын көруге болады.
«Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды» деді Маңғыстау облысы ДП баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Дәрігерлер қызға шұғыл түрде ота жасады, бірақ 1,5 сағаттан кейін бала операция үстелінде қайтыс болды.
Белгілі болғандай, шетелдік көлікті 42 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны жүргізген. Полиция оның сау екенін айтты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Енді ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық