«Анашым, менің өлгім келмейді»: Қарағандыда жедел жәрдем бір емес төрт рет ауруханаға алып кетуден бас тартқан бала қиналып көз жұмды
Фото: Борис Вахрушевтің отбасылық архивінен, Дамирдің көкесі.
Дамир Булумбаевтың анасы бір емес төрт рет жедел жәрдем шақырған. Фельдшер екі рет баланы ауруханаға жатқызудан бас тартып, оның ауруды сылтауратып жатқанын айтқан. Үшінші рет шақырғанда жауап бермеген, тек төртінші рет шақырғанда баланы ауруханаға жеткізген, бірақ тым кеш болды, деп хабарлайды Orda.kz.
ekaraganda.kz мәліметінше, Дамирдің туыстары оның жақында ғана тұмаумен ауырғанын және ауруханада дәрігердің тағайындауымен ем алғанын айтқан.
«Апта соңында оның жағдайы жақсарып, температурасы түсті. Сенбі күні олар поликлиникаға жазылғаны туралы анықтама алу үшін барды. Дамирді қарап болған соң дәрігер денсаулығы жақсы, дүйсенбіде мектепке баруға болады деп айтты», – дейді мектеп оқушысының ағасы Борис Вахрушев.
Алайда, 26 қаңтар күні кешке бала анасына аяғының бұлшық еттері қатты ауырып тұрғанын айтқан соң анасы жедел жәрдем шақырады. Келген фельдшер баланы тек сырттай қарап, бұлшық еттегі ауырсынуды психосоматика деп диагноз қойып, қолдағы ісікке жылытқыш қойсын деп кеңес берген.
Алғаш шақырған жедел жәрдем кеткен соң баланың жағдайы нашарлай түскен. Ауруы таралып, жыныс аймағына көтерілді. Екінші рет жедел жәрдем шақырғаннан кейін, түнгі үштер шамасында бірінші келген фельдшер қайта келді.
«Фельдшер баланың анасына оның жағдайы аса ауыр емес екенін айтып, сендіреді. Өзінің 24 жылдық тәжірибесі барын, баланың өтірік ауырып жатқанын, жағдайы нашарламағанын айтқан. Тіпті фельдшер Дамирге егер ол осылай өтірік ауырып жатар берсе психиатриялық ауруханадан бригада жіберетінін айтып қорқытты», – деп қорқынышпен еске алды баланың көкесі.
Дәрігердің кеңесімен жылытқыш қойылған жерге көкшіл тамырлы дақтар пайда болды. Дәрігер мұны тамырлардың спазмы деп түсіндірді. Бала ауыруды басатын инъекция сұрады, фельдшер инъекция жасап, кетіп қалды.
Ағасының айтуынша, Дамирдің жағдайы нашарлап, тыныс алуы жиілеп, ол аяқ-қолдарын сезбей, «мама, менің өлгім келмейді», - деп айтқан. Әйел фельдшерге қайта қоңырау шалғанда ол «дәрі мұндай әсер бермейді» деп жауап берген екен.
Үшінші рет жедел жәрдем шақырғанда олар қоңырауды көтермеген соң анасына баланы ауруханаға апаруға тырысқан, алайда, баланы көтере алмады. Үміті таусылған ана не сітерін білмей қайтадан жедел жәрдем шақырады. Бригада жіберілді, бірақ олар 30 минуттан кейін ғана жеткен. Дәрігерлер баланың ауыр жағдайын байқап, преднизолон инъекциясын жасайды.
«Оған тез арада преднизолон екті. Ленаның сөзінше, инъекция салған соң, оның көздері аларып, босаңсып кетті. Олар баланы жедел-жәрдем төсегіне салып, ауруханаға алып кетті. Анасы жол бойы тамыры соғып тұр ма деп сұраған, фельдшерлер бар деп айтқан. Алайда, ауруханада реаниматолог: «Неге әкелдіңдер, оның тамыры соғып тұрған жоқ»,- деп айтыпты. Дегенмен дәрігерлер баланы сонда да аман алып қалуға тырысқан», — деп айтты туысы.
Реанимацияда бала бір сағаттай болғанымен, аман алып қалу мүмкін болмады. Оның соңғы демі жедел жәрдем көлігінде ме, әлде ауруханада үзілді ме баланың туыстары білмейді.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылды. Медициналық қызметкерлер тарапынан бұзушылықтар анықталды. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Туыстарына көңіл айтамыз» деп жазылған хабарламада.
Баланың туыстары оның ешқандай созылмалы ауруы болмағанын айтады. Олар оны құтқаруға болатын еді деп қайғыдан қан жұтып отыр.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған