Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне алып шықты
Фото: Orda.kz
Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта матч аяқталды. «Қайрат» Кипрдің «Омония» клубымен тартысты ойын өткізіп, пенальти сериясында 6:5 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесудің алғашқы минуттарында қос ұжым алма-кезек шабуыл ұйымдастырғанымен, 25-минутта қонақтар сапынан Андроникос Какулис «Қайрат» футболшысына қарсы дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Сан басымдығына ие болған алаң иелері шабуылды күшейтті. Бұған қоса, бас бапкер Рафаэль Оразбахты бірден екі шабуылшыны – Исмаил Бекболат пен Эдмилсонды алаңға шығарды.
Нәтижесінде 38-минутта бразилиялық легионер баспен соққы бағыттап, есеп ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды.
Үзілістен кейін алматылық клуб шабуыл қарқынын үдете түскенімен, «Омония» қорғанысы негізгі уақыттың соңына дейін сыр берген жоқ.
Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп теңесті (1:1). Себебі бұған дейін Кипрде өткен алғашқы ойында алаң иелері 1:0 есебімен басым түскен болатын.
Текетірес тағдыры қосымша берілген екі таймда шешілуі тиіс еді. Оның үстіне «Омония» сапынан тағы бір футболшы куылып, «Қайратта» екі ойыншының басымдығы болды. Соған қарамастан, кипрліктер қорғаныста бекем тұрып алды.
Пенальти сериясында екі соққыны қайтарған Темірлан Анарбеков өз командасын келесі айналымға алып шықты (6:5).
Енді «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Левски» (Болгария) – «Университатя Крайова» (Румыния) жубының жеңімпазымен кездеседі. Ал ұтылған ұжым жарысты Европа лигасында жалғастырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық