«Анам бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалады»: Елдос Сметов анасын сөз еткендерге жауап берді
Фото: Olimpic.kz
Белгілі спортшы, Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы Елдос Сметов «Түнгі студия» бағдарламасында басынан өткен қиын кездері туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Елдос Сметов балалық шағында қиыншылық көріп, нан алу үшін темір сатқанын айтты.
«Темірді даладан жинап, саттым. Нан алатынбыз. Біз ата-анамыздың тырысып, біз үшін еңбек етіп жүргенін көріп өстік», - деді спортшы.
Ол чемпион атанғаннан кейін де қарапайым қалпын сақтағанын мәлімдеді.
“Ата-анамыздың біз үшін тырысып, еңбек еткені көз алдымда. Сол үшін мен тәкәппарланып, жұлдыз ауруымен ауырып жүре алмаймын. Әкем ауылдан қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеп келетін. Анам бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалайтын. “ Қарным ашып тұр” десек, құшағына қысып, жылайтын. Жоқ болғаннан кейін бере алмады ғой. Сол сәттің бәрі кеше болғандай көз алдымда тұрады”, - деді Елдос Сметов.
Жаңалықтар
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ