Ан-26 апатында қаза тапқандардың мәйіттері судан шығарылып жатыр
Фото: РИА Новости
Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов құтқарушылар Камчаткада апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағындағы адамдардың мәйіттерін алып шығуға кірісті деп мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz Интерфаксқа сілтеме жасап хабарлады.
– Құтқару операциясы жүргізілуде, алғашқы мәйіттер судан шығарылып жатыр, нақты уақыт режимінде ақпарат түсіп жатыр, - деді Солодов Интерфаксқа.
Қанша мәйттің табылғаны айтылмады. Ақпарат минут сайын өзгеріп жатыр.
Интерфакс басылымының хабарына сүйенсек, қазір 6 адамның денесі судан шығарылған.
Петропавл-Камчатскийден Палана ауылына ұшып бара жатқан Ан-26 жолаушылар ұшағы қонардан он минуттай бұрын байланыстан үзілді. Кейінірек әуе кемесінің фюзеляжының бөліктері таудың баурайында және теңізден жағадан 4 км қашықтықта табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтағы 28 адамның барлығы қаза болған.
7, 8, 9 шілдеде Камчатка өлкесінде ұшақ апатынан қаза тапқандарға аза күту жарияланды.
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына 3,5 млн рубль беріледі. Бұл сома Камчатка аймағы үкіметінің отырысында жарияланды.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық